АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балаларына жаңа 2022-2023 оқу жылы қарсаңында мектеп формасы, оқу-құралдары үшін бюджеттен қаржы қарастырылуда. Қаржы әр ата-ананың жеке есепшотына аударылады. Бұл мүмкіндікке ие оқушылардың ата-аналары:
🖋мектеп әкімшілігіне өтініш /арнайы үлгі бойынша/ жазуы керек
🖋eGov арқылы белгілі санатта екені тексеріледі
🖋мектеп формасын кез-келген жерден сатып ала алады. Бастысы шығынды көрсету керек. Яғни, 15 күн ішінде сатып алған жерінен чек, квитанцияны талап етіп, жаңа формамен фото-есеп жіберу қажет.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы N544 қаулысымен өзгеріс енгізілген) көрсетілген санаттар:
✔️Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан;
✔️сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілері;
✔️​ жетім балалар;
✔️ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
✔️төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
✔️өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер.