КОНКУРС

КОНКУРС
«Бақытты болашақ үшін: ашық қоғам, парасатты азамат, адал ұрпақ» конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
📌1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Конкурс атауы: «Бақытты болашақ үшін: ашық қоғам, парасатты азамат, адал ұрпақ» сурет байқауы.
Аумақтық қамту: Созақ ауданы.
«Бақытты болашақ үшін: ашық қоғам, парасатты азамат, адал ұрпақ» сурет байқауы (әрі қарай - байқау) 9 Желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында өткізіледі.
📌2. МАҚСАТЫ
Байқау мақсаты – аудан тұрғындарының бойында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Байқау мақсаттары:
• Аудан тұрғындарының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділік» ұстанымын қалыптастыру;
• Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру;
• Халық арасында әдеп, парасаттылық, адалдық құндылықтарын насихаттау;
• Жас ұрпақтың шығармашылығын қолдау мен дамыту.
📌3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Байқау ұйымдастырушысы – Созақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі (Ұйымдастыру комитеті).
Байқаудың барлық кезеңдерін ұйымдастырудың жалпы басшылығын Ұйымдастыру комитеті атқарады, ол:
• Байқауды жариялайды, байқауды ақпараттандыру мақсатында БАҚ тартады;
• Өтінімдер мен байқау жұмыстарын қабылдайды және тіркейді;
• Жұмыстарды байқау талаптарына сәйкестігін тексереді;
• Қатысушыларға қажетті консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді;
• Ең қызықты жұмыстарды байқауға қатысу мен марапаттауға ұсынады;
• Байқау жұмысына қатысуға кәсіби қазылар алқасын шақырады;
• Таңдалған қазылар алқасы мүшелерімен бірлесе жұмыстарды таңдауды ұйымдастырады, байқау финалистерін жеңіске жеткендерін уақытылы хабардар етеді;
• Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырып, өткізеді;
• Құжаттар мұрағатын (өтінімдер, қазылар алқасы хаттамалары, қарау бағдарламалары және т.б.), көркемдік жұмыстарды (авторлық жұмыстардың көшірмелерін және т.б.) және басқа да материалдарды сақтайды.
Байқау жұмыстарын жинау кезеңі аяқталғаннан кейін, суреттер Байқаудың қазылар алқасы мүшелеріне табысталады. Оның құрамына кәсіби суретшілер (қазылар алқасының басым бөлігін құрауы тиіс), БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кіреді.
Байқауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша жалпы шығындарды ұйымдастырушылар өздері көтереді.
Аудандық БАҚ өткізілетін байқау мен оның жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді таратуға ықпалын тигізеді.
📌4. СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН ГЕОГРАФИЯСЫ
Байқауға Созақ ауданының мектеп оқушылары және 29 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.
Байқаудың мерзімі: 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.
Ұйымдастыру комитеті атына аталған мерзімнен кейін түскен жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
📌5. ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
Байқау 3 кезеңде өтеді:
• 1 кезең: 2022 жылдың 1 қыркүйегінде – өтінімдер мен байқау жұмыстарын жинауды бастау. Қатысушылар толтырылған өтінімді (№ 1 Қосымшаны қара) және байқау жұмыстарын 2022 жылдың 30 қарашасына дейін келесі мекен-жай бойынша ұсынады: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Сұлтанбек Қожанов көшесі, №68 ғимарат.
• 2 кезең: 2022 жылдың 1-5 желтоқсан аралығында – қазылар алқасы отырысы, байқау нәтижелерін шығару.
• 3 кезең: 2022 жылдың 9 желтоқсаны – жеңімпаздарды марапаттау.
📌6. ҚАТЫСУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ
Байқауға қатысуға келесі байқау тақырыбына сәйкес келетін жұмыстар қабылданады:
• «Бақытты болашақ үшін: ашық қоғам, парасатты азамат, адал ұрпақ» тақырыбына көркем жұмыс.
Адалдық, әділдік, парасаттылық, ашықтық мазмұнында салынған суреттер қабылданады (көркем сурет, графика).
Байқауға оқушылар мен жастар шақырылады: 7-29 жас.
Байқау қатысушылары арасында жеке авторлар болуы мүмкін, яғни байқауға қатысу – жеке – әр жұмыстың авторы тек бір қатысушы болуы мүмкін;
Байқау қатысушысы Ұйымдастыру комитетіне қатысуға формаға сәйкес өтінім ұсынады (№ 1 Қосымша) және оған байқау материалдарын тіркейді (қатысушы барлық жұмыстарын Ұйымдастыру комитетіне өз есебінен жолдайды);
Автор өзі ұсынған әр жұмысына авторлық құқық иесі болу қажет;
Жұмыс авторлары байқаудың Ұйымдастыру комитетіне, материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануды білдіретін эксклюзивтік авторлық құқықтарын емес, жеке өзінің авторлық құқықтарын ұсынады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды көпшілікке көрсету, автордың аты-жөні міндетті түрде көрсетілуімен іске асырылады;
Қатысушыларға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды;
Байқауға ұсынылған жұмыстар редакцияланбайды;
Бұрын басқа байқауларға қатысқан жұмыстарға жол берілмейді және олар авторлық немесе басқа құқықтар бұзылмау мақсатында, қарастырылмайды. Аталған шарт сақталмаған жағдайда, жауапкершілікті байқау қатысушысы көтереді;
Байқау ұйымдастырушылары жұмыстарды, автордың аты-жөнін көрсетіп, БАҚ-та, әлеуметтік желелерде басқа да коммуникациялық және ақпараттық материалдарда пайдалану құқығын өздеріне қалдырады.
📌7. БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Байқауға қатысу үшін, байқау өткізілгенге дейін 1 жылдан бұрын емес жасалған жұмыстар қабылданады.
Көркем суреттерге (суреттерге) қойылатын техникалық талаптар:
• Сурет А3 форматында болуы тиіс.
• Сурет салудың кез-келген техникасы қабылданады (қарындаш, гуашь, акварель, пастель, майланған және акрилденген бояулар және т.б.).
• Суретке автордың аты-жөні мен жұмыс атауы көрсетілген этикетка тіркелуі тиіс.
• Сурет арнайы рамкаға салып өткізіледі.
Аталған талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар байқауға қатысуға қабылданбайды.
Суреттерді байқауға жеткізу 2022 жылдың 30 қарашасына дейін өздігінен іске асырылады – қатысушылардың кураторлары/ата-анасы.
📌8. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері осы Ереженің №2 Қосымшасына сәйкес анықтайды.
Байқау нәтижелерін Ұйымдастыру комитеті 2022 жылдың 9 желтоқсанынан қалдырмай жариялайды.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар, Байқау ұйымдастырушылар атынан дипломдармен және құнды жүлделермен марапатталады.
Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 9 желтоқсанында іске асырылады. Жүлделер поштамен жолданады немесе байқау нәтижелері бойынша ұйымдастырылған кездесу барысында жеңімпаздарға табысталады.
Марапаттау рәсіміне қатысу мүмкіндігі болмаған жеңімпаздарға, дипломдар мен арнайы жүлделер пошта арқылы келесі 3 апта ішінде жолданады немесе ұйымдастырушылармен жеке кездесу барысында табысталады.
Байқаудың жеңімпаздары Байқау жүлделері мен басқа сыйларды өздерінің шығармашылығын жарнама ету немесе көпшілікке танымал болу мақсатында пайдалану құқығы бар.
📌9. ЖЕҢІМПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖҮЛДЕЛЕР
• 1 орын – 60 000 теңге;
• 2 орын – 40 000 теңге;
• 3 орын – 20 000 теңге;
• Ынталандыру сыйлығы (3-еу) – 10 000 теңге.
Байқау жеңімпаздары дипломдарға ие болады.
Байқау ұйымдастырушыларының байланыс деректері:
Созақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Сұлтанбек Қожанов көшесі, №68 ғимарат.
Байланысушы тұлға:
Жандос Нарқозыұлы – Созақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, тел.: +7 705 852 4305, email: zh.narkozyuly@ontustik.gov.kz
PS:
«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ» картинасы
авторы: Қанағат Ерғалиұлы, Шу ауылы.
Конкурстың 2021 жылғы бас жүлде иегері