РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша, 5 маусымда республикалық референдум өткізуді ұсынды.
Референдум бойынша халықта ақпараттандыру бойынша Түркістан облысы штаб мүшесі, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Шәріпбек Жамалбекұлы, облыстық "Жанубий Қозоғистон" газетінің Бас редакторы Алишер Сатвалдиев, Түркістан облыстық ақпараттық-талдау орталығының басшысы Сейдулла Айкөзов үгіт-насихаттық жұмыстарына байланысты аудан жастарымен кездесу өткізді. Облыстық штаб мүшелері референдумның маңыздылығына тоқталды. Жаңа Қазақстан құру жолында халықтың белсене қатысуы қажет екендігіне тоқталды.
-Конституцияның үштен бір бөлігі қайта жазылып, 33 бапқа түзету енгізілмек. Қоғамдық штабтың мақсаты сол түзетулердің бәрін, Конституция қалай болатынын, болашағымызға не беретінін халыққа түсіндіру,- деді Шәріпбек Жамалбекұлы.
Жиын барысында, жастар референдумға бір кісідей атсалысатынын жеткізді.
Айта кетейік, 2022 жылғы 5 маусымда елімізде республикалық референдум өтеді.