Ұлттық спортты ұлықтаған күн

Ұлттық спортты ұлықтаған күн
Шолаққорған ауылы, орталық иппадромда ұлттық спорт, бәйге, көкпардан жарыс ұйымдастырылды. Жеке кәсіпкер, бүгінде ата кәсіп мал шаруашылығын дамытып жүрген Әлайдар Әбдіраев, ұзақ жыл Созақ ауданының дамуына үлес қосқан, ұлағатты ұл, аяулы қыз тәрбиелеген соғыс ардагері әкесі Дәрібай Әбдіраев пен анасы Күлайна Әбдіраеваның атынан жарыс өткізді. Аруақтарға арнап ас берді. Құран бағышталды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық спортты ұлықтаған Әлайдар Әбдіраевқа алғыс айтты. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қомақты жүлде тігілген ұлттық спорттан өткен жарысты атсүйер қауым жоғары бағалады.