МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ДАРХАН МЫҢБАЙ СОЗАҚ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ДАРХАН МЫҢБАЙ  СОЗАҚ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, “AMANAT” париясының Республикалық штаб мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Созақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, жалпыұлттық референдум өткізу шараларына дейінгі халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сапар барысында Дархан Мыңбайдың аудандық ардагерлер үйінде, зиялы қауым өкілдерімен, Жастар орталығы ғимаратында белсені жастарымен кездесті. Сондай-ақ Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи- өлкетану музейінде болды. Музейдегі тарихи жәдігерлермен танысып, жоғары бағасын берді. Мәдениет және спорт саласы қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жүргізіп отырды. Онда Мәжіліс депутары Дархан Қамзабекұлы референдумда қаралатын мәселелер, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жайына тоқталып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Сапары аясында тұрғындар тарапынан сауалдар қойылды. Жастармен сұхбаттасып олардың пікірін тыңдады. Олар заман талабына сай зияткерлік мектебін ашуды көтерді. Құмкент және Жартытөбе ауыл округінде болып, халықтың ұсынысын назарға алды. Олардың қойған сауалдарына жауап беріп, азаматтардың жекелеген талап – тілектеріне құлақ түрді. Ауыл ақсақалдары газдандыру мәселесі көтерді. Денсаулық саласына қатысты сұрақтар қойылды. Әйелдердің зейнет жасына қатысты сұрақтар да көпшілік тарапынан қалыс қалмады. Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай көпшілік көтерген мәселелерді жеке қарауына алып, тиісті министірлікке жеткізетінін айтты.
Ашық аспан астында өткен Жартытөбе ауыл округінің тұрғындармен өткен жүздесуде, Конституциялық реформаның мән-маңызын айтты.
Ауыл ақсақаладары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайға ақ батасын беріп, елдің амандығын, халықтың ауызбіршілігін тіледі.