Әдеп жөнiндегi уәкiл Шолаққорған ауылдық округiнде жиын өткізді

Әдеп жөнiндегi уәкiл  Шолаққорған ауылдық округiнде жиын өткізді
Бүгін Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов Шолаққорған ауылдық округ әкiмi аппаратының мемлекеттік қызметшiлерiне жиын өткізді.
Жиын барысында ауыл округ әкімі Әділ Елібаевқа заңға сәйкес еңбек демалыстарының берілуін кадағалауды, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз етудi тапсырды. Сондай-ақ жұмыс уақтынан тыс уақытта қызметшiлердi жұмысқа тартуды болдырмау шараларын қабылдау, егер орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес үстемақы төлеу мәселесін қарастыру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті.