Зейнатақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша жиын өтті

Зейнатақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша жиын өтті
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында зейнатақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларды және жүргізілген арттырулар мен әлеуметтік көмектерді түсіндіру бойынша жиын өтті. Жиынды аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбдуахат Бәкіров жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Марат Архаров сөз сөйлеп, жиынның мақсатына тоқталды. Сондай-ақ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Бақтыбек Ерімбетов хабарлама жасады. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына қатысты Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламадар басқармасының бас маманы Ерғазы Өткелбаев, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының бас маманы Ыдырыс Еркінбеков баяндама жасап, өзгерістерге тоқталды.
Көпшілік тарапынан қойылған сауалға жауап берді. Жиынға бөлім, мекеме қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ауылдық округтері мен кенттері әкімдері қатысты.