ТУҒАН ЖЕРІМІЗДІ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ

ТУҒАН ЖЕРІМІЗДІ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ

Қатты тұрмыстық қалдық тастайтын полигон Шолаққорған ауылының солтүстігінде орналасқан. Бұл орын 2008 жылы Шолаққорғанға 14 мың халыққа есептіліп салынған. Қазіргі таңда полигонға бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр. Мал жайылымына кедергі келтіруде. Ірі қара мал тұрмыстық қалдықтардың зиянын тартуда. Бір өкініштісі осындай келеңсіздікті ауыл тұрғындарының қолымен орын алып отырғаны көңілге қаяу салады.
Жалпы, полигонға қоқыс төгу - ақылы. Төленген ақы полигонды таза ұстауға, жұмысшылардың ақысын төлеуге жұмсалауы керек. Алайда аудан әкімі Салыхан Полатов тапсырмасымен тұрғындарға қиындық тудырмас үшін – полионға күл-қоқыстың төгуді тегін болуы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аудан басшысы бірнеше шақырымға шашылып жатқан қоқысты жинақтауды және полигон ішінен шұңқыр қазуды ұйымдастыру ісін «Созақ сәулет» мекемесіне жүктеді.
Қазіргі таңда Шолаққорған ауылдық округі аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон аумағын 26 сәуірден бастап ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа Жаңатас комбинат басшылығына бір дана үлкен фронтальный погрузчик, «Созақ саулет» мекемесінің 1 дана погрузчик, 15 тонналық 1 камаз автокөлігі және 1 дана МТЗ 80 тракторы жұмыс жасауда. Осы уақытқа дейін полигон сыртындағы 1110 мың куб күл-қоқыс ішкі шұңқырларға тасымалданды. Алдағы екі күн ішінде полигон сыртына төгілген бүкіл күл-қоқысты тасымалдау жоспарлануда.
Алдағы уақытта полигон ішінде сыйымдылығы 3 мың куб болатын екі шұңқыр қазылады. Полигон қарай тас жол салынып, қоршауын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.