Биыл қар мен жауын жерге мөлшерден көп түсіп, ылғалдың мол болуына байланысты 22 ақпан күні Шолаққорған ауыл округі, Жеткіншек елді мекеніндегі жер асты суы деңгейінің кенеттен көтерілуі байқалды. Аудан әкімдігінің шұғыл ұйымдаструымен 22 ақпаннан бастап, тасқынның алдын алу мақсатында техникалар жұмылдырылды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан әкімдігі мамандары жұмысқа кірісті. Экскаватормен арық қазылып, 6 мотопомпа жиналған суды қауіпсіз бағытқа айдады. Зақым келген үйлерді бағалау мақсатында арнайы мамандар тексерді, алдағы уақытта қорытындысын шығарады. Сондай-ақ, осы жағдайда уран өндіретін «Катко» қазақ француз компаниясы, «Қазатомпром-Сауран» ЖШС, «ШымкентДорстрой» ЖШС, «ЦАПБ» мекемесі, «Оңтүстік волковгеолгия №5 барлау экспедциясы» АҚ мен аудандық «Сәулет», «Шолаққорған су» мекемесінің техникалары жұмыс атқарды. Мұнан бөлек, аудандық мәслихаттың депутаты Нұрланов Базарбай мен жеке кәсіпкер Зекенов Талғат амкодор, Камаз, экскаватор техникаларын іске қосты. Нәтижесінде, Жеткіншек елді мекенінде жер асты суының деңгейі көтерілуіне байланысты 1,1 шақырым дренаж қазылды. Көшеге тас жолдар төселіп, жекелеген үй ауласына қиыршық тас жайылды. Жол жиегіне жиналған судан тазартылды. Жер асты суы біршама түскені анықталып отыр.
Қазіргі таңда Жеткіншек елді мекеніндегі жер асты су деңгейінің көтерілуін анықтау мақсатында, Қазақ су шаруашылығы ғылыми- зертту институтының ғалымдар топографиялық түсірім жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.