МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы Қаратау ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау жұмысына Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев қатысты.
Бақылау барысында ауылдық округ әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стендтердің талапқа сай орналастырылуы, қызмет алушыларға қажетті ақпараттың қолжетімділігі, өтініш үлгілерінің болуы, азаматтарды қабылдау жұмысының ұйымдастырылуы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жағдайы зерделенді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында азаматтарға қолайлы жағдай жасау, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттағы дабыл батырмаларының жарамдылығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қажетті жағдайлардың жасалуы және өзге де талаптардың сақталуы қаралды.
Бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру, қызмет көрсету процесін талапқа сай ұйымдастыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті ұсынымдар берілді.