Сәлеметсіз бе, бір ай бұрын мен жеке кәсіпкер атандым және қазір кеңсе тауарларын сатумен айналысамын. Бұрын үлкен компанияда жұмыс істедім және мен үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеп отырған болатын, қазіргі уақытта ол жердегі жұмыстан шығып, тек жеке кәсіпкерлігіммен ғана айналысып жүрмін. Осыған байланысты БЖЗҚ-ға қандай сома салуым керек деген сұрақ туындайды.

Жеке практикамен айналысатын адамдардың, жеке кәсіпкерлердің өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуі тиіс міндетті зейнетақы жарналары оның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және жалақының 50 еселенген ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды.

Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ жеке кәсіпкер өз пайдасына табысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайды. Табысы уақытша болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Жеке кәсіпкер бола отырып, сіз жарналарды аудару жөніндегі агентке айналдыңыз. Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Банктер мен ұйымдарда шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.