Жақында мен БЖЗҚ-ға міндетті жарналардан басқа ерікті зейнетақы жарналарының да аударылатынын оқыдым. Олардың артықшылығы неде?

Жақында мен БЖЗҚ-ға міндетті жарналардан басқа ерікті зейнетақы жарналарының да аударылатынын оқыдым. Олардың артықшылығы неде?

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшының бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға өз пайдасына, не өзге зейнетақы төлемдерін алушының шотына аударатын ақша. Ерікті зейнетақы жарналарын жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады. Тіпті кәмелетке толмағандардың өзі ЕЗЖ туралы шарт жасай алады. Бірақ мұндай кезде қажетті құжаттар пакетін заңды өкіл ұсынуы керек.

ЕЗЖ артықшылықтарының бірі – салымшы олардың мөлшері мен кезеңділігін өз бетінше анықтай алады. Сонымен қатар, сіздің жинақтарыңызға міндетті зейнетақы жарналарыңыз сияқты активтеріңізді көбейтуге мүмкіндік беретін инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді 50 жастан бастап алуға болатындығын жағымды бонус деп қабылдауға болады.

ЕЗЖ бойынша өз пайдасына жеке зейнетақы шотын enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен ашуға болады. БЖЗҚ кеңсесіне жеке куәлікпен келу керек. Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге болады. Айтпақшы, олардың кейбіреулері ерікті зейнетақы жарналарын ұялы қосымша немесе терминалдар арқылы төлеу қызметін ұсынады.

Егер салымшы ЕЗЖ туралы шартты өз пайдасына жасаса, онда оның жеке куәлігі ғана жеткілікті. Егер үшінші тұлғаның пайдасына болса, онда екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар қажет болады. Заңды тұлғалар enpf.kz сайтында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанында БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 56,5 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды. Оларда 2,14 млрд теңгеден астам қаражат жинақталған.