Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тұрғындарын кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық форматта өткен қабылдауға 40-қа жуық тұрғын қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту, әлеуметтік және өзге де бағыттар бойынша ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін білдірді.
Аудан басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырды. Бірқатар өтініштер бойынша нақты шешімдер қабылданып, жауапты бөлім және мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі, баспананы бөлу талаптары және аталған бағыттағы жұмыстардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Отбасы банк» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны жан-жақты түсіндірілді.
Қабылдауға аудан әкімінің салалық орынбасары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. Көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.