ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Осы мақсатта аудан әкімдігінің бастамасымен және аудан аумағындағы кәсіпорындардың қолдауымен арнайы жарық шағылыстыратын қарғыбаулар алынып, Шолаққорған ауылындағы жол жиегінде жүретін ауыл шаруашылығы жануарларына тағылды.
Аталған шараның мақсаты – қараңғы уақытта жол бойында немесе көлік қозғалысы қарқынды жүретін аумақтарда малдардың жүргізушілерге анық көрінуін қамтамасыз ету. Жарық шағылыстыратын қарғыбаулар көлік шамының жарығын кері шағылыстырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Бұл бастама тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және мал иелерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Алдағы уақытта аталған жұмыстар ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен кент әкімдіктерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Созақ ауданы әкімдігі тұрғындарды жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға, малдарын қараусыз жібермеуге және ортақ қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет.