КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында көшпелі консультациялық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктері туралы өзекті ақпарат ұсынып, облыс орталығына бармай-ақ жергілікті жерде кеңес алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Кездесуге Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Халық Банкі» АҚ өкілдері, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері қатысты.
Жиын барысында қаржы ұйымдарының мамандары мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шарттары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп, кәсіпкерлердің жеке жобалары мен өзекті сауалдары бойынша консультациялар өткізді.