Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік бағдарлама аясында түрлі ұлттық және спорттық сайыстар өткізілді. Атап айтқанда, жас өрендер сурет салу, қол күрес, асық ату секілді жарыстарда өз бақтарын сынап, белсенділік танытты. Сонымен қатар, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік жасалды.
Шара барысында қатысушыларға балмұздақтар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көрінісіне айналды. Түрлі ойындарға қатысып, достарымен бірге уақыт өткізген бүлдіршіндер ерекше әсерге бөленді.