ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Созақ ауданында аса қауіпті зиянкес шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округі аумағынан италиялық прус шегірткесінің ошағы анықталып, 80 гектар аумақ залалсыздандырылуда.
Жұмыс барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы барып, жүргізіліп жатқан шаралардың сапасы мен қарқынын назарға алды. Сала мамандарының мәліметінше, қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы 300 гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізілген.
Аудан басшысы жауапты мекемелерге залалсыздандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, ахуалды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, биыл Созақ ауданы бойынша жалпы көлемі 13 304 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде саяқ шегірткеге – 2 250 гектар, италиялық прус шегірткесіне – 3 090 гектар, азиялық шегірткеге – 7 964 гектар жер белгіленген.
Аса қауіпті зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарына 6 анықтаушы маман, 3 бүріккіш аппарат, 4 бүріккіш көлігі, 3 трактор, 6 мотоцикл және 2 су тасымалдаушы көлік жұмылдырылған. Сонымен қатар, аумақтық инспекция, болжам орталығы, ауылдық округтер мен «Ветеринариялық қызмет» МКК тарапынан қосымша мамандар тартылып, жұмыстар күшейтілген режимде атқарылуда.