ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ 40 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ 40 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова 26 сәуір – Чернобыль атом электр стансасындағы апатты еске алу күніне орай Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті. Биыл адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль апатына 40 жыл толып отырғанын атап өтіп, қиын кезеңде адамзат қауіпсіздігі үшін жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.
Жиынға аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мейрамбек Дәулетбаев, Чернобыль ардагерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосу аясында қатысушылар өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы сөз болды.
Шара соңында Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтарға алғыс хат пен Чернобыль апатының 40 жылдығына арналған медаль табысталды.