2025 ЖЫЛ: ТЕРІСКЕЙДЕГІ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР – 2

2025 ЖЫЛ: ТЕРІСКЕЙДЕГІ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР – 2
2025 жылы аудандағы елді мекендердің 119,8 шақырымды құрайтын ішкі көшелері орташа және ағымдағы жөндеуден өтті.
Ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артты.
66,4 шақырымға асфальт жабындысы төселіп, 39,2 шақырым жолға қиыршық тас жабындысы салынды.
Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 14,2 шақырымды құрайтын 12 көше асфальт жабындысымен жаңартылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы елді мекендердің ішкі жолдарындағы асфальт жабындысының үлесі 69 пайыздан 86,6 пайызға дейін жетті.