Абаттандыру және қоғамдық кеңістіктер
2025 жылы аудан аумағында тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 13 саябақ пен 4 аллея жөндеуден өткізіліп, инфрақұрылымы жаңартылды. Бұған қоса 2 жаңа саябақ пен 4 аллея салынды.
Аталған жобалар елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы демалыс ортасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.