Аудандағы елді мекендердің инфрақұрылымын жаңартып, қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүзеге асты.
2024 жылы аудандық бюджет есебінен 10 ауылдық округ пен кенттерде 57 көше жарықтандырылды. 2025 жылы бұл жұмыстар бірнеше есеге артты. 143 шақырымды құрайтын ішкі көшелер толықтай түнгі жарық шамдарымен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде барлық ауылдар мен елді мекендердің ішкі көшелері 100 пайыз жарықтандырылды.
Сонымен қатар, аудан орталығы Шолаққорған ауылында орталық маңызы бар Жібек жолы және С.Қожанов көшелері абаттандырылды. 718 дана көше жарығы бағаналары мен 167 дана аяқжолға арналған жарық тіректері орнатылды. 120 дана орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды. Веложолақтар, суағар жүйелері және жаңартылған аялдамалар ел игілігіне берілді.
Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, елді мекендердің келбетін жақсартуға ықпал етті.