Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиын барысында 2025 жылы аудан көлемінде әр сала бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға жоспарланған міндеттер жан-жақты сараланды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды.
Аталған мәселелер бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.
Сонымен бірге, аудандық жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері қаралды. Бұл жөнінде бөлім басшысы Ғани Пәрдебекұлы хабарлама жасады.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Бұған қоса ауылдарды абаттандыру және тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
Ауылдық елді мекендердегі саябақтарға су бұрқақтарын орнату, ауылдардың көркін арттыру және эстетикалық келбетін жақсарту мәселелеріне баса мән беруді тапсырды.