Сызған ауылында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жаңа ойын алаңшасының құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы қатысып, жұртшылықты қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Жаңа ойын алаңшасы қазіргі заман талабына сай жабдықталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі ойын құрылғыларымен қамтылған. Жаңа нысан ауыл бүлдіршіндерінің қауіпсіз әрі көңілді демалуына мол мүмкіндік береді.
Өз кезегінде ауыл қариялары мен тұрғындар жаңа ойын алаңшасы ауыл балаларының сүйікті демалыс орнына айналарына сенім білдірді.