ҚҰМКЕНТ АУЫЛЫ МЕН ҚЫЗЫЛКӨЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚҰМКЕНТ АУЫЛЫ МЕН ҚЫЗЫЛКӨЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Құмкент ауылы мен Қызылкөл елді мекенінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуі мақсатында қос бірдей балалар ойын алаңшасы іске қосылды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында аталған нысандарға арнайы барып, ойын алаңшаларының сапасымен танысты.
Ауылдық округ әкіміне жаңа нысандарды тұрақты түрде күтіп ұстау, санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, аумағын көгалдандырып, абаттандыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.