АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ
Аудан әкімінің орынбасары Серік Мамановтың төрағалығымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі бойынша жиын өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен салалар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, жоспарланған көрсеткіштердің орындалу барысы мен бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуы жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында анықталған тәуекелдерге назар аударылып, жауапты сала басшыларына индикаторлық көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жиынға аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.