2025 жылдың 15–18 желтоқсан күндері Ресей Федерациясының Қазан қаласында белбеу күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додаға түрлі елдерден келген үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған байрақты бәсекеде созақтық спортшы Бейсенбі Асылбек 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Тартысты белдесулер нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты.
Айта кетейік, спортшымыз бұған дейін де бірқатар ірі жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда, жастар арасында Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, ересектер арасында Қазақстан чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, сондай-ақ ересектер арасында Қазақстан кубогының вице-чемпионы атанған.