Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразовтың төрағалығымен қысқы мерзімде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссия отырысы өтті.
Жиында қысқы кезеңге дайындық аясында жоспарланған оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыру және өткізу барысы қаралды. Аудан аумағында боран, көктайғақ, жолдардың жабылуы, сондай-ақ инженерлік желілердегі авариялық ахуалдардың алдын алу бойынша жауапты бөлімдерге міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар қызметтері, құқық қорғау және күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту тапсырылды. Қажет жағдайда жедел әрекет ету топтарын құру, арнайы техникалардың дайындығын пысықтау және шұғыл хабарландыру жүйесінің қолжетімділігін арттыру жолдары нақтыланды.