Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіналғаш рет алу қызметінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылықолжетімді болғанын хабарлайды.

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей«ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрдетек середі.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазылаалады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңарәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұлпроцесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұданбөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихынтексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.