ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға кенттер мен ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ашып, жүргізіп отырды. Өз сөзінде азаматтардың қаржылық сауаттылығы қазіргі қоғамда экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастамасымен өткізіліп жатқан «Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант» жобасы таныстырылды.
Аталған жоба — азаматтардың қаржы саласындағы білімін жетілдіру, алаяқтық пен көлеңкелі экономикалық әрекеттердің алдын алу, өз қаражатын тиімді басқаруға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған ауқымдағы бастама.