Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлының төрағалығымен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жүргізіп отырды. Кездесуге кенттер мен ауылдық округ әкімдері, бөлім мен мекеме, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Басқосуда облыс прокурорының орынбасары қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала мамандары өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап өтті.