АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін аудан орталығында орналасқан бірқатар азық-түлік дүкендеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Штаб мүшелері дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын бақылап, кәсіпкерлерге бағаларды негізсіз көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, штаб мүшелері құрамында қосымша кіріс көздерін ұлғайту және көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобы да болды. Кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысшы санын заңды түрде тіркеу мен салықтық тәртіпті сақтау жөнінде кеңес берілді.
Бұған қоса, Созақ аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан “Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал” және “Бәйге” акциялары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халыққа тұтынушы ретінде түбіртек талап етудің маңыздылығы түсіндірілді. Тұрғындар мен кәсіпкерлерді баға тұрақтылығы мен заң талаптарын бірлесе сақтауға шақырды.
Штаб құрамында аудан әкімінің салалық орынбасары, салаға жауапты мамандар мен қоғамдық ұйым мүшелері болды.