ҚҰМКЕНТТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Құмкент ауылдық округінде болды. Сапар барысында ауылда жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік жобалардың жай-күйімен танысты.
Аудан басшысы алдымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орталық саябаққа барып, ондағы абаттандыру жұмыстарын көрді. Сондай-ақ жаңадан салынған балалар ойын алаңшаларын аралап, сапасына назар аударды.
Бұдан бөлек, жеке инвестор есебінен Құмкент ауылдық округі әкімі аппаратына арналып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимараттың құрылыс аумағында болды. Мұнда құрылыс жұмыстарының сапасына мән берілді.
Сонымен қатар, жабық үлгідегі футбол алаңы орналасатын аумақпен танысып, жобаның маңыздылығын атап өтті. Ауылдық округ әкіміне әрбір жобаға мұқият қарауды ескертті. Сапа мен мерзім талаптарын қатаң сақтап, немқұрайлылыққа жол бермеуді тапсырды.