АУДАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

АУДАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
АУДАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Аудан аумағында жыл сайынғы дәстүрге сай жүргізілетін шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінгі күнге дейін Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқап пен Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді.
Жалпы көлемі 5 200 гектар аумақ зерттеліп, оның 1 250 гектарынан италиялық саяқ шегіртке түрі анықталған. Анықталған аумақ толықтай залалсыздандырылып, қажетті санитарлық жұмыстар атқарылды.
Аталған жұмыстарға 5 штангалы бүріккіш трактор, 4 пикап көлігі, 5 арқаға тағылатын бүріккіш құрылғы (ранцевый аппарат), 2 су тасушы техника (водовоз) және 25 маман жұмылдырылды. Қазіргі таңда өңделген аумақтарда тазалау және бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, маусым айының 5-і күні Құмкент ауылдық округіне қарасты Ақжар жайылымдық қамысты алқабында шегірткенің азиялық түрі анықталды. Мамандардың айтуынша шегірткенің бұл түрі тек қамыспен қоректенеді.
Дер кезінде жүргізілген шаралардың нәтижесінде «АН-2» ұшағы арқылы 900 гектар алқап залалсыздандырылды.
Қазіргі таңда зиянкестер анықталған аймақтар болжам орталығы мамандарының тұрақты бақылауына алынған. Шегіртке ошақтарының таралуына жол бермеу бағытында тиісті шаралар жалғасуда.