Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі электросамокаттардың жарылу қаупі және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескертеді!

⚠️Соңғы уақытта электросамокаттардың литий-ионды аккумуляторларының жарылуы мен жануы салдарынан орын алған төтенше жағдайлар саны артуда. Бұл жағдайлар адамдардың денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіруде.
Негізгі себептер:
- Аккумуляторлардың механикалық зақымдануы;
- Қысқа тұйықталу немесе артық зарядтау;
- Сапасыз немесе зақымдалған батареяларды пайдалану;
- Суға түсу немесе ылғалдың енуі;
- Өндіруші зауыттың ақаулы өнімдері.
Қауіпсіздік шаралары:
- Электросамокаттарды тек сенімді өндірушілерден сатып алыңыз;
- Зарядтау кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз;
- Зарядтау процесін тек құрғақ және салқын жерде жүргізіңіз;
- Құрылғыны ылғалдан қорғаңыз және суға түспеуін қадағалаңыз;
- Аккумуляторды зақымданудан сақтаңыз және құрылғыны дұрыс пайдаланыңыз.
‼️Ескерту: Электросамокаттарды дұрыс пайдаланбау өртке және жарылысқа әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғаңыз!