26 наурыз 2025 жыл №4
Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2025 жылғы 4 мамыр Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 27 наурыздан басталсын.
3.2025 жылғы 4 мамырға тағайындалған Шолаққорған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Осы қаулы Созақ ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Sozak uni» газетінде жариялансын.
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Т.Бекқұлы
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Қошқарбаев