АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ КЕЗДЕСУ ҰЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ КЕЗДЕСУ ҰЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Бакиров Шу Ауылдық Округі Әкімшілігі, Жуантөбе, Тасты Ауыл Округі әкімі аппаратының мемлекеттік және азаматтық қызметшілермен жиын өткізді.
Жиын барасында әдеп кодексі талаптары түсіндіріліп және қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.
Сонымен қатар, әдеп уәкілінің 2026 жылғы үлгілік жұмыс жоспарына сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 31.05.2021 жылғы №358 қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидасының 56 тармағына сәйкес, №4 ҮББ-нің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы мен «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі бағыттары насихатталды.
Дата публикации
12 июня 2026