Созақ аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымындағы
кезектен тыс жиырма алтыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылғы 22 сәуір, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында шақырылсын.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылғы 22 сәуір, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.
Депутаттарды тіркеу 22 сәуір, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 22 сәуір, сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады:
Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев