Қазақстан Респубикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9-бабына сәйкес, Созақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Созақ ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
Қоғамдық кеңес құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен және кемінде үштен екісі конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар жеке өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады.
Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес; Созақ ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Созақ ауданының аумағында тұрақты тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
3) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген келесі құжаттарды Созақ ауданы Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №16, мекен-жайы бойынша қолма-қол береді немесе maslihat_sozak@mail.ru электрондық поштасына жолдайды:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін; 2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
6) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім.
Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттарды аудандық мәслихаттан (№414 кабинет) немесе 8 (72546) 4-25-65, сот.87782227658 телефоны бойынша аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы Таскынов Нағашбек Әділбекұлынан алуға болады.
Ұсыныстарды қолма-қол қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап 19.00-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00 сағатқа дейін. Сенбі, жексенбі күндері демалыс.
|
Созақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы_____________________ (өтініш берушінің аты, жөні,тегі |
Өтініш
Созақ ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатурамды ұсынуға келісімімді беремін (өз кандидатурамды ұсынамын).
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
«____» _____2025 жыл Өтініш берушінің қолы _______