ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8 - бабына сәйкес және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің     2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты Созақ ауданы Қоғамдық кеңесінің қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.

Жұмыс тобының сандық құрамы алты мүшеден тұрады.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды, азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде келесі құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін 1-қосымшаға сәйкес;

       2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

        3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті аудандық мәслихат аппаратына ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың жұмыс тобына кандидатуралар бойынша және байқаушы болуға ниет білдірген азаматтардың ұсыныстарын қабылдау,  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде күнделікті 9.00 мен 19.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы.

Созақ аудандық мәслихатының аппаратының мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі 16, Созақ аудандық мәслихат аппараты, электрондық пошта maslihat_sozak@mail.ru құжаттарды қабылдауға жауапты Тасқынов Нағашбек Әділбекұлы, телефон 4-25-65. Сот 87782227658

                                                                                       Созақ аудандық                                                                                                                                          мәслихат аппараты

 

 

 

 

 

 

 

 

1 қосымша

 

Нысан

 

Кімге __________________________

 

(республикалық деңгейдегі
мемлекеттік органның және
(немесе) жергілікті деңгейлердегі
өкілетті органның атауы)

 

___________________________

 

тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен

 

__________________________
__________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

                            Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _______________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________

      3) _______________________________________________________________

      4) _______________________________________________________________

      5) _______________________________________________________________

      6) _______________________________________________________________

      7) _______________________________________________________________

      20___ ж. "____" ___________ Өтініш берушінің қолы _______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

 

 

Нысан
Кімге _________________________

 

(республикалық деңгейдегі
мемлекеттік органның және
(немесе) жергілікті өкілетті
органның атауы)
___________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй,
пәтер) кімнен
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

                           Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) _______________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________

      3) _______________________________________________________________

      4) _______________________________________________________________

      5) _______________________________________________________________

      6) _______________________________________________________________

      7) _______________________________________________________________

      20___ ж. "____" __________ өтініш берушінің қолы _______________