Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс қырқыншы сессиясын шақыру туралы

Созақ аудандық мәслихатының  сегізінші   шақырылымындағы  кезектен  тыс   қырқыншы сессиясын  шақыру  туралы

Созақ аудандық мәслихат төрағасының 21.04.2026 жылғы №39 шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

сегізінші   шақырылымындағы

кезектен  тыс   қырқыншы

сессиясын  шақыру  туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс  қырқыншы сессиясы 2026 жылғы 29 сәуір, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында  шақырылсын.

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                          О.Жәмиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс қырқыншы сессиясы  2026 жылғы 29 сәуір, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы  Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.

           Депутаттарды тіркеу 29 сәуір, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.

           Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026  жылғы  29  сәуір, сағат 10.00-де  өткізіледі.

 

           Сессияның қарауына мына мәселелер  ұсынылады:

                                                                           

  1. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
  3. Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» №95 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                         О.Жәмиев

 

                                                                                             

 

 

 

Файл