Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз жетінші сессиясын шақыру туралы

Созақ аудандық мәслихатының  сегізінші   шақырылымындағы  кезектен тыс отыз жетінші сессиясын  шақыру  туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

сегізінші   шақырылымындағы

кезектен тыс отыз жетінші

сессиясын  шақыру  туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз  жетінші сессиясы 2026 жылғы 25 ақпан, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында  шақырылсын.

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                          О.Жәмиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз жетінші сессиясы  2026 жылғы 25 ақпан, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы  Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.

           Депутаттарды тіркеу 25 ақпан, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.

           Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылғы  25 ақпан, сағат 10.00-де  өткізіледі.

 

           Сессияның қарауына мына мәселелер  ұсынылады:

                                                                           

  1. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күш жойылды деп тану туралы.
  4. Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы.
  5. Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                         О.Жәмиев

 

                                                                                              Газетке шақыру (файл)