Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз екінші сессиясын шақыру туралы

Созақ аудандық мәслихатының  сегізінші   шақырылымындағы  кезектен тыс   отыз екінші сессиясын  шақыру  туралы

Созақ аудандық мәслихат төрағасының 17 қараша 2025 жылғы №31 шешімі

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

сегізінші   шақырылымындағы

кезектен тыс   отыз екінші

сессиясын  шақыру  туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс  отыз екінші  сессиясы 2025 жылғы 21 қараша, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында  шақырылсын.

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                          О.Жәмиев

 

 

Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз екінші сессиясы  2025 жылғы 21 қараша, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы  Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.

           Депутаттарды тіркеу 21 қараша, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.

           Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025  жылғы  21 қараша, сағат 10.00-де  өткізіледі.

 

           Сессияның қарауына мына мәселелер  ұсынылады:

                                                                           

  1. Созақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
  2. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Созақ ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» №50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  3. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Созақ ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі «Нашақорлыққа және  есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру  жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын бекіту туралы» №51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» №95 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                         О.Жәмиев