Созақ аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымындағы
кезекті жиырма сегізінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2025 жылғы 3 шілде, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында шақырылсын.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2025 жылғы 3 шілде, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.
Депутаттарды тіркеу 3 шілде, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 3 шілде, сағат 09.00-де өткізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
2024 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы КММ-нің Созақ аудандық мансап орталығы филиалының атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
Созақ ауылдық округі әкімінің есебі.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев