Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, алдын-алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, міндеттемемен таныстыру және №4 Үлгілік базалық бағыттар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және сапалы жүргізу мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналысқа Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты облыстық, аудандық, қалалық спорт ұйымдарының бірінші басшылары және Түркістан облысының спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушылары 2022 жылдың 8-9 маусым күндері қатысты.

Жиналыс Түркістан қаласыда орналасқан «Turkestan-Arena» орталық стадионында өткізіліп,  басқарманың арнайы шақыруымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Ж.Абдрахманов,  Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Д.Аширбеков, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Исаев және басқарманың мемлекеттік басқару және спорт ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің жауапты қызмкеткерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау туралы және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналыс қонақтары Заң шеңберіндегі өз салалары бойынша баяндама (видеоролик арқылы) жасады.