«ТҰРАН» КӘСІБИ ФУТБОЛ КЛУБЫ «ТҮРКІСТАН АРЕНАДА» ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

«ТҰРАН» КӘСІБИ ФУТБОЛ КЛУБЫ «ТҮРКІСТАН АРЕНАДА» ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ
Өткен жылы бірінші лигада күміс жүлдегер атанған "Арыс" командасы Премьер-лигаға жолдама алды. Ендігі жерде команданың атауы өзгеріп, Түркістан облысының «Тұран» кәсіби футбол клубы болып құрылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда биылғы футбол маусымына жан-жақты дайындалуда. Естеріңізге сала кетсек команда Түркия елінде бір айға жуық оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, туған елге оралды. Қазіргі таңда өз алаңы «Түркістан Аренада» кезекті жаттығуларын бастап кетті.
Бас бапкер Абдухалық Бурибаевтың шəкірттері наурыздың 13-ші өтетін, футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының алғашқы турын өз алаңында елордалық «Астана» командасына қарсы өткізеді. Яғни, «Түркістан Аренада» алғаш рет футболдан Премьер лига ойындарының шымылдығы түрілмек. Жаңа стадион тұрандықтар үшін, Ел чемпионатында жоғарғы орындардан көріну үшін жігіттерге жігер берері сөзсіз.