ФУТБОЛДАН БІРІНШІ ЛИГАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІ АЯҚТАЛДЫ

ФУТБОЛДАН БІРІНШІ ЛИГАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІ АЯҚТАЛДЫ

Футболдан биылғы Қазақстан біріншілігі өз мəресіне жетіп,биылғы футбол маусымының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.Қазақстанның футбол федерациясы бекіткен регламент бойынша,2020 жылы еліміздің бірінші лига клубтары екі топқа бөлініп өзара бақтарын сынады.Əлемде жəне елімізде орын алған пандемияға байланысты футбол ойындары жанкүйерсіз өтті.

Ең басты жағымды жаңалық,биыл алғаш рет Түркістан облысының намысын бірінші лигада қорғаған Арыстың "Арыс"футбол командасы биылғы Қазақстан Біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.Бас бапкер Абдухалық Борибаев жаттықтыратын шəкірттер соңғы тур ойындарында Мақтааралдың жергілікті ойыншыларымен кездесу өткізіп,1:0 есебімен жеңіске жетті.Ал,"Қыран" командасы биылғы чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.

Келешекте Түркістан облысының намысын қорғайтын жергілікті жастардан құралған Премьер лигада облыс намысын қорғайтын мықты команда жасақталады деп жоспарлануда.Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде түрлі кəсіби спорт клубтары құрылуда.

Биылғы футбол маусымында екі топ бойынша жеңімпаз атанған "Атырау" командасы мен "Ақтөбе"футболшылары Премьер лига командаларына қайта қосылды.Енді жерлестеріміз Қазақстанның кəсіби футбол лигасының медальдері мен Кубоктарымен марапатталады.Жеңістеріңіз құтты болсын!

https://www.facebook.com/turkistan.sport/posts/384030986076259?__cft__[0]=AZVsVSWEWzrN1-lVhonLLEJ7PHCuTg8GBnvd2SDgg3RRz2flmj7jQye7exlOpLn2xoYOSIlyCH_lALxR5WRf_AzY8_UY8M1nHc3n2ZDypSgngLlOe2WOpipP_ZZA3Th8i9k&__tn__=%2CO%2CP-R