2025 жылғы 2 мамыр күні аудан әкімі А.Қарсыбаевтың төрағалығымен шіркейге қарсы күрес бойынша арнайы жиналыс өтті. Жиналысқа қала, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында А.Қарсыбаев шіркеймен күрес жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, елді мекендер мен өзен бойындағы ауылдарда қосымша залалсыздандыру шараларын жүргізу қажеттігін жеткізді. Атап айтқанда, арнайы сүзгілер арқылы шіркей шоғырланған аймақтарын анықтап, ситуациялық карталарын жасауды тапсырды.
Сонымен қатар, шіркейге қарсы биологиялық және химиялық әдістерді тиімді пайдалану мәселесі қаралды. Биологиялық әдіс – су көздеріне арнайы препараттарды ағызу арқылы, ал химиялық әдіс – препараттарды арық, канал бойлары мен ағаш, көгалдарға шашу арқылы жүзеге асырылады.
Қала мен ауыл әкімдеріне халықты, соның ішінде омарта шаруашылығымен айналысушыларды хабардар ету, сондай-ақ жүргізілген залалсыздандыру шаралары туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау тапсырылды.
Аудан әкімдігі шіркейге қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.