ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Шардара ауданында көктемгі тазалық жұмыстары атқарылды. Атқарылған жұмыстар аясында шөптер шабылып, аяқ жолдар ретке келтірілуде. Аудандық сенбілікке, мекемелер, еріктілер және қоғамдық жұмысшылармен барлығы мыңнан астам адам қатысып, 30 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 41 тонна қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жалпы биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ауданнан тазалыққа 21880 адам қатысып 524 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылған.
Сонымен қатар, ауданды көгалдандыру мақсатында көктемгі маусымға 20 150 түп көшет отырғызылған. Одан бөлек, Шардара-Келес, Шардара-Жетісай, Шардара-Арыс облыстық маңызы бар күре жолдар бойына тазалық жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 190 шақырым аяқ жолдар мен 174 шақырым ирригация жүйелері тазаланған.