ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ КУБОГІНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ КУБОГІНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы Диханбай Биткөзовтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы “Сарыарқа батырлары” Азия кубогі өтті. Аталған жарысқа Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің кіл мықты балуандары қатысты. Осы жарыста жерлестеріміз боз кілемде өздеріннің бақтарын сынап 1 алтын, 1 қола жүлдені еншіледі.
Атап айтар болсақ
1 орын +100 кг салмақта Шамшидинов Қайсар
3 орын 90 кг салмақта Аллаберді Руслан
Жерлестеріміздің жеңістері құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта өтетін жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!!!