ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ “КАЗКРАХМАЛ” ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ “КАЗКРАХМАЛ” ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев индустриалды аймақта орналасқан “Казкрахмал” жүгеріні терең өңдеу зауытына арнайы барып, нысанның қазіргі жағдайымен және өндірістік процесінің барысын қарады.
Аудан басшысы зауытты таза ауыз сумен қамту мәселесін көтеріп, бұл түйткілдің шешу жолдарын қарастырды. Аталған проблеманы шешу үшін Тама-
Тастанбек су құбырына қосу мәселесі қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі уақытта зауытты газбен қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін тапқан. Кәсіпорын толық қуатында іске қосылған соң, Мақтаарал, Отырар және Шардара аудандарындағы жүгері алқаптарынан өнім қабылдау жоспарлануда.
Зауыттың инфрақұрылымдық дайындығы бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 12 бункердің 6-уы толық дайын, өнім қабылдау қоймалары әзір. Жылыту қазандықтарының құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, тікұшақ қонатын алаңшаның құрылысын тамыз айында аяқтау жоспарланған.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі